Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
6 маусым – батыста, 7-8 маусым – солтүстік-батыста, 8 маусым – солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ жауады. Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
6-7 маусым күндізгі уақытта солтүстікте, 6 маусым орталық пен шығыста +41°С дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық болады.
8 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте +30°С дейін төмендейді.