Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.
18-19 шілдеде — батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде — солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.
Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.