Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы жылы, бұрқасынды және көктайғақ болуы болжануда
![]() |
Атлантикалық циклон Урал аумағына ойысты. Осыған байланысты жылы атмосфералық ағын қазірдің өзінде Қазақстанның батыс облыстарын кесіп өтіп, солтүстігіне жетті. Сондықтан да температура күндіз ғана емес, түнде де жылынып, кейбір жерлерде +3º-қа жетеді, бұл нормадан 5-10º жоғары. |
24-26 желтоқсан күндері циклон Батыс Сібір аумағы арқылы шығысқа ауысады, оның атмосфералық ағындары әуелі жылы, одан кейін салқын болып, Қазақстан арқылы өтеді, соның салдарынан жапалақтап қар жауып, бұрқасындатады, көрінімнің нашарлауы 200-500 метрге дейін жетеді, кей жерлерде желдің екпіні 15-25 м/с-дейін күшейіп, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамында хабарлады.
Таяудағы тәуліктерде ауа температурасының нормадан 5-10º жоғары болуы сақталып, 26 желтоқсанға қарай төмендейді, дегенмен де осы кезеңде бұрынғыша климаттық көрсеткіштің жоғары болуы күтіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін