Алдағы үш тәулікте күн суытады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 537.53
  • 620.52
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш тәулікте күн суытады - Қазгидромет

Алдағы үш тәулікте күн суытады - Қазгидромет

Ресейдің Еуропалық аймақтарынан антициклон алдағы үш тәулікте - 15-17 қыркүйек аралығында Қазақстан арқылы жылжитын болады.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz


Сондықтан республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температура бұрынғыдай климаттық нормадан төмен болады.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Солтүстікте, орталықта және оңтүстікте күн ашылғаннан кейін 0, -3º дейін суық түсуі мүмкін. Ал Қазақстанның батысында келесі атмосфералық фронт ауысады, кей жерлерде жаңбыр жауады және қысқа мерзімді жылудан кейін қайтадан температураның төмендеуі күтіледі.