Үкімет жоспарында аталмыш көрсеткіш 3 пайызды құрап отыр.
«Агро өнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған мемлекеттік 100 млрд теңге инвестицияға ішкі және сыртқы қаржы нарықтарынан қосымша шамамен 168 млрд теңге тартылуы мүмкін», — деді Ә. Смаилов. «5 жыл ішінде 100 млрд теңге 781 млрд теңге өндіреді», — деп атап көрсетті ол.
«Біз бюджеттен тыс қорлардан келетін қаржыландыруды арттыруды көздеп отырмыз. 2006 жылы 1 теңге бюджеттік инвестицияға 1,2 теңге бюджеттен тыс инвестиция келіп отырса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 1,6 теңгеге артты. Ал 2012 жылы бұны 3,4 теңгеге дейін өсірмекшіміз», — деп мәлімдеді «ҚазАгро» басшысы.
Холдингтің есептеуінше, «салынған қаражаттардың қайтарымы 2008 жылы іске асады. 1 теңге инвестицияға ішкі табыс, салық аударымдары және несие сыйақылары түрінде экономикалық айналымға 1 теңгеден астам ақша түседі».
Нәтижесінде, Ә. Смаиловтың айтуынша, ауылды жерлерде 226 жаңа объектілер мен өнеркәсіптер, 9,1 мың жаңа жұмыс орындары пайда болып, 2008-2012 жылдары мемлекет 38 млрд теңге салық төлемдерін қабылдайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті