Министрдің айтуынша, 2014 жылы білім мен ғылым саласының шығыстары 399 млрд. 600 млн. теңгені құрап отыр.
«Денсаулық сақтау саласының шығыстары 2014-2016 жылдары 2 трлн. 35 млрд. теңгені құрайды. Бұның ішінде 2014 жылы 640 млрд. 814 млн. теңгені құрамақшы. Ал мәдениет және ақпарат саласындағы үш жылдық кезеңнің бюджет шығыстары 191 млрд. 500 млн. теңгені құрағалы отыр», — дейді Е. Досаев.