Ресми Анкараға Франция, Германия, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, АҚШ және Катар қосылған. Ондағылардың ойынша, Ресей «Ислам мемлекеті» содырларының лагерін емес, керісінше, бейбіт тұрғындар шоғырланған аудандарға оқ жаудырған. Ресми мәлімдемеде «Бұл әуе соққылары алдағы уақытта экстремизм мен радикал топтарды қаптатып жіберуі мүмкін. Сондықтан Ресей тез арада ұрысты тоқтатсын» деп жазылыпты. Бірақ бұған Мәскеу әлі жауап қатқан жоқ. Қазір соғыс Хомс, Идлиб аудандарында жүріп жатыр. Орыстардың ұшақтары 12 нысанды бомбалап көзін жойған. Соның салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны туралы ақпарат бар.