Әлемде сирек кездесетін кеселге шалдыққан сәбиге қаржылай көмек қажет
Әлемде сирек кездесетін ауруға шалдыққан семейлік нәрестені емдеуге қажет қаражат жиналмады. 10 айлық Богдан Фединнің иммуниететі мүлдем жоқ. Сәби екі күннің бірінде ыстығы көтеріліп, ауруханаға жатып қалады. |
Бүлдіршіннің сауығып кетуі үшін жілік майын ауыстыру қажет. Алайда елде ондай күрделі отаны жүзеге асыру мүмкін емес. Ал Богданның күн өткен сайын жағдайы нашарлай бастаған. Тіпті, асқа тәбеті де соқпайды. Енді оған отаны тек италиялық дәрігерлер жасамақ ниетте. Бірақ ол үшін 152 мың еуро қажет. Бүгінде жақындары 25 мың еуро жинап қойған. Бұл жеткіліксіз болғандықтан, олар жұрттан тағы көмек сұрауға мәжбүр. Қол ұшын созам деушілер экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуға болады.
Екатерина Соснина, Б.Фединнің анасы:
-Квота әлі бөлінген жоқ. Баланың жағдайы ауыр. Дәрігелер оның ішкі тамырын дәл басып екпе жасай алмай жатыр. Ал иммунитеті жоқ болғандықтан, наркоз берсе өліп кетуі мүмкін. Министірліке қанша өтініш жасағанымызбен, олар ештеңе шешпей отыр.
Отбасының телефоны: 8 777 992 0751
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін