Әлемдік мұнай компаниялары шығындарын 100 млрд. долларға қысқартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік мұнай компаниялары шығындарын 100 млрд. долларға қысқартып жатыр

Әлемдік мұнай компаниялары шығындарын 100 млрд. долларға қысқартып жатыр

Әлемдік мұнай компаниялары шығындарын 100 млрд. долларға қысқартып жатыр. Бұл туралы Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот мәлім етті.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Бұл салада едәуір құлдырау орын алуда, бағалар жылына 50 пайызға дейін төмендеуде және біздің нарықта бағалардың әлсін-әлсін төмендеуі 2016 жылға дейін жалғасады деп болжануда. Халықаралық энергетикалық агенттік 2015 жылы барлық әлем бойынша жаһандық компаниялар өздерінің шығындарын 100 млрд. долларға қысқартады деп болжауда. Осының барлығы барша әлем бойынша 20 пайыздық төмендеуге алып келеді», — деді ол бүгін Астанада өтіп жатқан KAZENERGY Еуразиялық форумында.

Оның сөзіне қарағанда, мұнай компаниялары ары қарай да шығындарын азайта беретін болады, себебі олар қазіргі уақытта өз бюджеттерін қайта қарап жатыр.


«Мұнай бағасы құлағаннан кейін олар капитал жетіспеушілігіне тап болды. АҚШ энергетика әкімшілігінің ақпараты бойынша, шикі мұнай биржасы 80 жылдардағы деңгейге дейін жетіп отыр. Жаһандық экономикалық даму жоспарлағаннан да қатты баяулап кетті», — деп атап өтті Йозеф Тот.