Әлемнің ең нашар әуежайлары белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің ең нашар әуежайлары белгілі болды

Әлемнің ең нашар әуежайлары белгілі болды

Нигерияның Порт-Харкорт қаласының халықаралық әуежайы әлемдегі ең нашар әуежай болып танылды.

  • 21 Қазан 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

26 мың адам қатысқан сұрау нәтижесін The Independent газеті жариялады.

Респондеттер Нигерия әуежайын әлемдегі ең жемқор деп аталды. Сұралғандардың пікірінше, ондағы терминалдар өздеріне жолатпайды, ал әуежай қызметкерлері сапар шегушілерге бірде-бір сұрақ бойынша көмектескісі келмейді. Ғимаратта жұмсақ орындықтар жоқ, ауаны жақсарту жүйесі істен шыққан, ал келу аймағының шатыры лас.

Екінші орында Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 19 шақырым жерде орналасқан Король Абдул-Әзиз әуежайы орналасқан. Ол елдің адамдар ең көп жүретін және көлемі жағынан үшінші әуежайы болып саналады. Респонденттер оның терминалдарын «аса толы, бейберекетсіз және лас» деп атаған. Үштікті Непал астанасы Катмандудан 5,5 шақырым жерде орналасқан Трибхуван халықаралық әуежайы жапты.

Тізімде жалғыз еуропалық ел Франция болды. Бове қаласының әуе айлағы 10-шы орыннан көрінді. Саяхатшылар оның терминалдарында орындықтардың жоқ екенін, аз ғана қызметкерлерінің қырғи қабақтығын және Wi-Fi-дің қымбат екенін атап өтті. Рейтингке сондай-ақ Ташкент халықаралық әуежайы, Венесуэла, Гаити, Ауғанстан, Вьетнам және Пәкістанның әуе айлақтары кірді, деп жазады 
Лента.ру
.