Комитет төрағасы атап көрсеткеніндей, бүгінде ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі алкоголь өнімдерінің акциздік салығын көтеруді көздейтін арнайы заң жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізді.
«Оған сәйкес 2014 жылы 1 литр ішімдік үшін мың теңге, 2015 жылда — 1200 теңге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтеру көзделген. Сөйтіп, 3 жылдан кейін алкоголь өнімдерінің акциздік салығы 3,1 есеге өседі», — деп атап көрсетті Ә. Жұмаділдаев.