Жарияланды: 450

Алматы айналма теміржол жобасының концессиясы келесі жылы əзірленеді

Алматы айналма теміржол жобасының концессиясы келесі жылы əзірленеді

Алматы стансасын айналып өтетін ұзақтығы 74,4 шақырым айналма теміржолының концессиялық негізі қазір пысықталып жатыр.

Концессия келесі жылы толық дайын болады. Бұл туралы бүгін  Инвестициялар жəне даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Əсет Асаубаев мəлім етті.

"Алматы стансасын айналып өтетін  ұзақтығы 74,4 шақырым айналма теміржол желісінің концессиялық негізі бойынша жұмыстар  пысықталып жатыр. Концессиялық ұсыныс  əзірленіп, ол тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Жыл соңына дейін біз конкурстық құжаттарды аяқтап, келесі жылы концессияны толық аяқтаймыз", - деді Комитет төрағасы.

Оның айтуынша, бұл айналма жол жүктің тоқтап қалуына жол бермей, транзиттік жүк ағынын көбейтеді.

"Қытай мен Орта Азияға бүкіл жүк осы Алматы арқылы өтетіні белгілі. Осы айналма жол салынғаннан кейін жүктер кедергісіз өтеді. Алматы теміржол желісіндегі жүк шамамен 40%-ға азаяды", - деп сендірді Ə.Асаубаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін