Алматы әкімі арнайы техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексерді
![]() |
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тиісті кәсіпорындардың алдағы қысқы маусымда көше тазарту жұмыстарына дайындығын тексерді. |
Алматыда тазартылатын көшелердің жалпы ұзындығы 1620 шақырымды құрайды. Олардың 65 пайызын «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тазартады. Ал жалпы жолдар мен тротуарларды тазарту жұмысын 17 мердігер ұйым атқарады. Оларда қысқы тазарту жұмыстарына 860 арнайы техниға жұмылдырылған.
«Алматы Тазалық» МКК директоры Эльдар Келдібаев арнайы техникалардың алдағы қысқы маусымға 100 пайыз дайын екендігін айтты. Оларға қосымша жүкті өзі түсіре беретін тағы 300 жүк көлігі тартылатын болады. Әрбір ауданда құм төгетін бір-бір қазаншұңқырдан бар. Ал құмдар қала көшелеріне 15 арнайы құм тасушы көлік арқылы себіледі.
«Біз 9 млн. шаршы метр жерді тазартамыз. Бұл оңай шаруа емес, Қаланы бір мезетте тазарта алмайсың. Қазір бұл жұмыстар алдын ала пысықталып жатыр. Қар жауғаннан бастап, көшелерді сыпыра бастаймыз. Біз әрбір көшеден жиналған қарды жүк көліктеріне артып, қала сыртына шығарып тастаймыз», - деді Э. Келдібаев.
«Мен жақында қар тастайтын жерлерлі және арнайы техникаларды қайта тексеріп шығамын. Жалпы қарды қала сыртына шығару жұмысы қалай ұйымдастырылған? Қағаз жүзінде ғана шығарасыздар, ал шын мәнісінде шығарыла бермейді. Енді қар тасталатын жерлерге бейне камералар орнатып, арнайы кезекші қою керек. Қар таситын жүк көліктерінің нөмірін тіркеу керек болады» - деді өз кезегінде Б. Байбек.
Сонымен қатар, қала басшысы Астанада қар тазарту бойынша атқарылар жұмыстарды мысалға келтірді. Елордада көшелер қардан түнгі уақытта тазартылады екен.
«Алматыда қандай көшелерді бірінші болып тазартасыздар? Бірінші кезекте, әрине, негізгі магистралдар тазартылуы тиіс. Көлік кептілісі көбейіп, қарбалас сәттер туындаған шақта қар тазарту жұмыстарын жүргзудің қажеті жоқ. Астанада қарды түнде тазартады. Таңертең сол тазартылған жолмен жұмысқа барасың», - деді Б. Байбек.
«Мен ситуциялық, яғни жағдаяттық картаны көргім келеді. Сіздердің дайындық деңгейлеріңізді, нақты жағдайларда қалай жұмыс істейтіндеріңізді білгім келеді. Қар тасталатын жерлерге бейнекамералар орнатылып, жұмыс бақылауға алынуы тиіс. Мердігерлік ұйымдармен арадағы келісім-шарттарыңызды көрсетіңіздер. Жұмысты сапасыз атқаратын ұйымдармен келісім-шарт жасалмасын. Егер басқа ұсыныстарыңыз болса, айтыңыздар, талқылаймыз, - деді Б. Байбек.
Бұдан басқа қала басшысы алдында барлық аудан әкімдері есеп берді. Олар арнайы техникалардың жүру бағыттарын түсіндірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін