Алматы әкімі колледжде болған жарылыстың себебін шұғыл анықтауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі колледжде болған жарылыстың себебін шұғыл анықтауды тапсырды

Алматы әкімі колледжде болған жарылыстың себебін шұғыл анықтауды тапсырды

 Алматы әкімі Ахметжан Есімов бүгін Сән және дизайн колледжінде болған жарылыстың себебін шұғыл түрде анықтауды тапсырды.

  • 17 Қараша 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz

Оның тапсырмасы бойынша қазір әкімнің орынбасары Юрий Ильиннің басқаруымен арнайы комиссия құрылды.

Сонымен қатар,  қала басшысы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына төтенше жағдайдан жапа шеккен адамдардың денсаулығына аса мән беруді қатаң тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Алматыдағы Сән және дизайн колледжі ғимаратының екінші қабатында Бастапқы әскери дайындық сабағында жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 1 қыз оқиға орнында қаза болып, 8 адам, (оның ішінде оқытушы да бар) жапа шекті. 60 адам қауіпсіз  жерге көшірілді.