Жарияланды: 480

Алматы күніне орай навигациялық карта жасалды

Алматы күніне орай навигациялық карта жасалды

Алматыда 20 қыркүйекте тойланатын қала күніне орай қала ішінде жолушыларды Орталық мәдениет және демалыс саябағына 10 автобус тасымалдайтын болады. 

Мерекеге арнап, навигациялық карта жасалады. Арнайы маршрут арқылы қонақтар негізгі мереке өтетін екі саябақ арасында Президент саябағынан Мәдениет және демалыс саябағы арасында серуендей алады. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 
Аталған маршрут бойынша таңертеңгі 11:00-ден бастап, 10 автобус жолаушыларды тасымалдайтын болады. Жүру құны 100 теңге. Автобустар арнайы эмблемамен безендіріледі. 
Сондай-ақ, басқармадағылар қай көшелердің бойында жол қозғалысы қиындайтынын жеткізді.
Атап айтқанда, әл-Фараби мен Науаи, Гоголь мен Бәрібаев көшелерінің қиылысында жол қозғалысы шектеледі.
Сондай-ақ, осы күні «Достық пен ынтымақтастық керуені», «Қытай-Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шай мәдениеті» шаралары өтуіне байланысты Құлжа айналма жолында, Шығыс айналма жолында, Мақатаев, Коперник, Оренбургская көшелерінде жол қозғалысы ішінара жабық болады. Керуен сағатына 5 шақырым жылдамдықпен қозғалады. 
20 қыркүйекте кешке «Сұңқар» трамплинінде Муззон телеарнасының «ЕМА 2015» музыкалық премиясы өтеді. Соған сәйкес, әл-Фараби- Ремизовка қиылысында жол қозғалысы шектеледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін