Алматы маңында азық-түлік белдеуін нығайту маңызды - қала әкімдігі
![]() |
|
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Қазагромаркетинг» АҚ, «KaznexInvest» АҚ өкілдері «Агробизнес-2020», «БЖК-2020», «Жібек жолы», «Инвестор-2020», «Экспорт- 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау құралдары туралы баяндап берді.
Олардың ішіндегі ең сұранысы жоғары қызмет түрлері инвестициялық шығындарды өтеу, қарыздың белгілі бөлшегін жабу, несиені кепілдендіру болып табылады.
Бүгінгі таңда Алматыда тағам өндірісі саласында 250 кәсіпорын бар. Олар өңдеу өнеркәсібі өнімінің 40 пайызын беріп отыр. Бұлардың көпшілігі тек Алматы ғана емес, басқа да аймақтарды азық-түлікпен қамтып отыр. Олардың 20%-ға жуығы өнімдерін шетелге экспорттайды.
Тағам өндірісіне инвестиция тарту үшін қала әкімдігі азық-түлік белдеуін дамыту бойынша кешенді жоспар қабылдады. Бұл құжат саланың дамуына салынатын инвестиция көлемін жылына 7 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін