Жарияланды: 450

Алматы метросының бұрынғы директоры 9 жылға сотталды

Алматы метросының бұрынғы директоры 9 жылға сотталды

Жымқырған миллиардтарды жұмыла өтеуі тиіс. Бүгін Алматының Медеу аудандық соты метроның бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев пен оның сыбайластарына үкім кесті. Экс-директор 9 жыл арқаласа, оның орынбасары мен құрылыс жүргізген серіктестік басшысы 8 жыл өмірін темір торда өткізетін болады.

Сыбайластарымен метро құрылысына бөлінген мемлекеттің миллиардтарын жымқырған Өкшебаев бұдан өзге «Құрмет» орденінен де айырылды. Сонымен қатар жылдар бойы қыруар қаржыны қалтасына басқан үштік сот үкімімен алаяқтық жолмен тапқан 2 млрд 503 миллион теңгені қайтаруы тиіс. Сот шығындары ретінде сотталушылардың әрқайсысы 8 млн 343 мың теңгені өтеуге де міндеттелді. Мұрат Өкшебаев, Ербол Қалдыбаев пен Константин Антипов үштігі жалған фирмалар құрып, тендердің теңгесін сонда аударып отырған. Көбіне қағаз жүзінде құрылыс материалдарының бағасынан 10 есеге дейін қымбаттатып көрсетіпті. Алайда үшеуі де тағылған айыптарды сол күйі мойындаған жоқ.Метрополитеннің бұрынғы басшысы 6 жыл бұрын да ақша жеді деп істі болған. Бірақ кейін ақталып, қызметіне қайта келген-ді. Соңғы уақытқа дейін Алматы қалалық Мәслихатында депутат болғанын айта кетейік. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін