Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тапты, бесеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тапты, бесеуі жараланды

Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тапты, бесеуі жараланды

АСТАНА. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тапты, бесеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 432
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Ұйғыр ауданында Алматы — Көкпек-Көктал тас жолының 18-ші шақырымында «Ауди-100» және «Мазда-626» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан «Ауди» көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. «Мазда» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сол күні Қарасай ауданында Алматы — Жандосов тас жолының 18-ші шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан «ВАЗ-21099» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауыр жарақат алып оқиға орнында мерт болды, «ВМW» жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті