Алматы облысында ер адам өз әйелін тонады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ер адам өз әйелін тонады

Алматы облысында ер адам өз әйелін тонады

Ұйғыр ауданында жергілікті полицейлерге өз күйеуіне шағымданған 38 жастағы Шонжы ауылының тұрғыны жүгінді. Әйел оның 65 жастағы ері қарумен қорқытып, құжаттары мен 500 мың теңгесін алып қойғанын мәлімдеді.

<

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 405
Фото - Caravan.kz

Полицейлер бірден ден қойып, күдіктіні қолға түсірді, қазір ол Ұйғыр АІІБ тиісті айғақ беруде. 12-ші калибрлі «МЦ-21-12» қаруы ұсталған ер адамның атына тіркелген болып шықты. Қару тәркіленіп, іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды.

Сот алды тергеу ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша жүргізілуде.