Алматы облысында есірткі алып өтпек болғандардың қулығы әшкере болды
Ірі көлемдегі есірткі елімізге оңтүстік шекара арқылы да өткізілмек болды. 22 келі героин арқалаған Қырғызстанның екі азаматы Алматы облысында ұсталды. |
48 және 53 жастағы азаматтар шекарашылардан айласын асыра алған жоқ. Тінту кезінде ГАЗ 3110 маркалы көлігінің артқы бөлігіне көп мөлшерде есірткі жасырылғаны анықталған. 45 арнайы қалыпқа салынған героинді қызметкерлер иісшіл иттің көмегімен тапты. Жалпы соңғы үш айдан бері қазақ-қырғыз шекарасында 80 келіден астам героиннің жолы кесілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін