Алматы облысында сіріңкемен ойнаған үш жасар бала жансақтау бөліміне түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сіріңкемен ойнаған үш жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Алматы облысында сіріңкемен ойнаған үш жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Баланың денесінің 20-29 проценті күйіп қалған

  • 29 Мамыр 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында жанармай құйылған құты жанында сіріңкемен ойнап жүрген үш жасар баланы күйік шалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомстыо мәліметінше, 27 мамырда Ташкенсаз ауылында екі бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Біреуі бензин құтысының жанында сіріңке жаққан. Содан от лап ете қалып 2020 жылы туған баланың мойыны, арқасы, бөксесі, оң жақы иығы, жалпы, денесінің 20-29 проценті күйіп қалған. Оны дереу Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жеткізіп, бала жансақтау бөлімінде жатыр.

"Егер қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталса, бұл қайғылы оқиғаны болдырмауға болар еді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жанғыш заттары бар канистрлерді балалардың қолы жететін жерлерде сақтамаңыз,


сіріңкемен ойнауға болмайтынын түсіндіріңіз", — деді ТЖМ.

Соңғы жаңалықтар