Алматы облысында тұрғындар мектеп әжетханасы үшін шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тұрғындар мектеп әжетханасы үшін шу шығарды

Алматы облысында тұрғындар мектеп әжетханасы үшін шу шығарды

Ескі мектептің жаңа жайсыздықтары. Алматы облысындағы КазЦИК ауылының тұрғындары бүгін балалары оқитын мектеп алдына жиналып, наразылық білдірді. Айтуларынша, білім ошағында әлі күнге дейін ең болмаса талапқа сай әжетхана салынбаған. Одан өзге тозығы жеткен тар мектепте сынып бөлмесі тапшы. 640 орындық білім ордасында қазір екі мыңнан аса бала үш ауысыммен оқып жатыр.    

  • 15 Қазан 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бірі баласын оқуға әкеліп, екіншісі алып кетіп жатқан ата-аналардың көкейіндегі мәселе ортақ. Олар тозығы жеткен оқу ордасына қажетті нәрсені жылдар бойы сұрап, әлі күнге дейін қол жеткізе алмай жүр. Нақтыласақ, мектепте талапқа сай келетін дәретхана жоқ.

Дәртехана  мәселесі қиын. Енді қайдан ақша табамыз біз оған?

— Ішуге де, қол жууға да су жоқ мектепте, дәретханалары  таза емес. Балаларға қыста қиын. Өздеріміз қасында боламыз.

Мектеп ауласының түкпірінде дәрет сындыратын бір орын бар екен. Тек оған кішілерді айтпағанда ересектердің өзі әрең кіріп шығады. Ал күн суытқаннан бастап даярлық сыныптары үшін ғана жұмыс істейтін іштегі тар әжетхана ақылы болады дегенді естіген ата-аналар жағасын ұстап отыр.

Інжугүл Құлымбетова, КазЦИК ауылының тұрғыны:

–Мына кісі жұмыс істеу керек, ол баланы әкелу керек, екі сағат отырады, кейін ол баланы алып кетеді. Бұл баланы бағу керек па, дәретханаға төлеу керек па?!

Сондай-ақ, ғимараттың ішіндегі қол жуатын орындар толық іске қосылмапты. Сыздықтап аққан суды оқушылар ішеді, қолын да жуады. Ал қоршауы тіпті жаман болғандықтан, жұрт қауіпсіздік мәселесіне алаңдаулы.

Сәуле Елубаева, КазЦИК ауылының тұрғыны:

–Мына жақта да жол бар, ана жақта да, артындағы қақпаның  екі жерінде үлкен тесік бар. Барлық жерден кіріп шығады. Ертен бала ұрланса кім жауап береді?

Бұл мектеп өткен ғасырдың 70ші жылдары салынып, содан бері күрделі жөндеу көрмепті. Қазір 640 орындық оқу ордасында үш ауысыммен екі мың бала білім алуға мәжбүр. Бірнеше жылдық өтініштерден соң былтыр ғана 251 млн теңгенің жаңа жобасы мақұлданыпты.

Анар Ноғайбаева, мектеп директоры:

– Биылғы жөндеу айтып отырмын ғой, сол жерде қоршау мәселесі де қарастырылған. Дәретхананың  қоршаудың да мәселесі шешіледі.

Жоба бойынша қарастырылған қаржы нарықтағы соңғы өзгерістерге байланысты қайта есептелінбек. Ал жөндеу жұмыстарының өзі көктемнің соңында басталмақ. Сондықтан оқушылардың мектептегі сұранысы жоғары бөлмеге ұзын-сонар кезекке тұрудан басқа амалы жоқ.