Алматы облысында үкімді естіген азамат тура сот залында өлмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында үкімді естіген азамат тура сот залында өлмек болды

Алматы облысында үкімді естіген азамат тура сот залында өлмек болды

Сот залында суицидке бармақ болды. Алматы облысының Ескелді аудандық сотында өзіне қатысты үкімді естіген азамат іші мен қолын тіліп, сол жерде өзін өлтіруге әрекет жасады. Есірткі сақтағаны үшін қолға түскен 32 жастағы Бақберген Есаманов осыған дейін полицейлердің заңсыз әрекетіне шағымданып, негізсіз айып тағылды деп келген болатын. Тек сотталушы мұны дәлелдей алмапты. 

  • 14 Қазан 2015
  • 315
Фото - Caravan.kz

Сот отырысына шеруге шығатындай дайындалған адамдар өз туысын жақтауға келген. Қолдарына плакат ұстаған олар полицейлердің негізсіз айып таққанын дәлелдемекші. Айтуларынша, есірткімен ұсталған Бақберген Есамановтың қолы героин табылған қорапқа тимегенін сараптама көрсеткен.

Мира Досанова, адвокат:

-Қорапқа арнайы сот-биологиялық сараптама жасалды. Нәтижесінде қорғауымдағы азаматтың бұл затты мүлдем ұстамағаны белгілі болды.

Процесс басталған сәтте-ақ айыпталушы ақталып шықпасам дәл осы жерде өлгенім артық деді. Бұған дейін ол тәртіп сақшылары есірткіні қалтама салып, кейін 10 мың доллар бопсалады деген мәлімдеме жасаған.

Бақберген Есаманов, сотталушы:

-Прокурор ұйымдасқан қылмыспен күрес басқарма қызметкерлерінің менен ақша талап еткенін біледі. Сондықтан бұл көзбояушылыққа айналған сот отырысы. Өзімен қол саламын, сол кезде әділ тергеу басталатын болар.  

Дәлел ретінде айыпталушы құрықтау кезінде түсірілген жазбаны көруді сұрады. Бірақ жедел түсірілім оның пайдасына жараған жоқ.


Бақыт Ниязов, Ескелді аудандық сотының судьясы:

азначить наказание 3 года 3 месяца с отбыванием наказания в исправительной колонии строгого режима

Осылайша сот залы суицид орнына айнала жаздады. Қарны мен ішін тіліп тастаған азамат ауруханада ем қабылдап, кейін түрмеге жіберіледі. Ал сот ғимаратының алдындағы бейбіт шеру полицейлер төбе көрсеткен соң тарқап тынды.