Алматы облысындағы атыстан бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы атыстан бір адам қаза тапты

Алматы облысындағы атыстан бір адам қаза тапты

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты.
 

  • 7 Қыркүйек 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы облысының полиция бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен төрт жергілікті тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қаза болды.

"Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

"Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда", — деді полицейлер.


Еске салайық, 3 қыркүйекте сағат 00:30 шамасында Әл-Фараби-Назарбаев көшелері қиылысындағы "Сансет" мекемесінде атыс болған. Бетперде киген төрт адам оқ жаудырған. Бұл деректі Бостандық аудандық Полиция басқармасындағылар тіркеп, тексеру жүргізіп жатыр.