Жарияланды: 570

Алматы облысының тұрғыны ауылдасынан таяқ жеп, ажал құшты

Алматы облысының тұрғыны ауылдасынан таяқ жеп, ажал құшты

7 желтоқсан күні Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылының ауруханасына қатты соққы алған Қоғалы ауылының 47 жастағы тұрғыны жеткізілді. Дәрігерлер оған бас миының ауыр деңгейдегі жарақаты диагнозын қойды. 16 желтоқсанда комада жатқан ер адам есін жинамастан қайтыс болды.

Жедел-іздеу шараларының барысында Кербұлақ АІІБ қылмыстық іздеу қызметкерлері жәбірленушіні ұрып-соғуда күдіктінің тұлғасын анықтады.

Полицияға жеткізілген 30 жастағы ер адам да Қоғалы ауылының тұрғыны болып табылады. Сұрау кезінде ол ауылдасын жәбірленушінің үйінде алкоголь ішу кезінде соққыға жыққанын мойындады.

Ұсталған азамат қамауға алынды. Кербұлақ АІІБ-нің қызметкерлері аталған факті бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын өткізуде. Ұсталған ер адам ҚР ҚК-нің 106-бабы («Адам өліміне әкеліп соқтырған оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша айып тағылып отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін