Алматы полицейлері таксисті өлтірген күдіктіні ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полицейлері таксисті өлтірген күдіктіні ұстады

Алматы полицейлері таксисті өлтірген күдіктіні ұстады

Алматы. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полицейлері 2007 жылдың қараша айында таксисті өлтірген күдікпен Алматы облысы Талғар ауданының үш тұрғынын ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қаланың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 375
Фото - Caravan.kz

«Кешке жақын Мақатаев көшесінің бойында өзінің жеңіл көлігінде бір жас жігіттің өлі денесі табылған болатын. аялдамада автобус күтіп тұрған куәлер де табыла кетті. Олардың айтуынша, сәл кейінірек «Мицубиси Галант» көлігі тоқтаған. Көліктің ішінен үш адам шыққан. Жігіттер бой тасалауға асыққан. Елегізген куәлер көліктің ішіне көз салған. Олар алдыңғы орын мен артқы орындықтың арасында адам жатқанын көрген. Еркектің қолы скотчмен оралған. Сондай-ақ аузы жапсырылған»,- деп хабарлады Жетісу АІІБ бастығының орынбасары полиция капитаны Денис Лоскутов.

26 жасар жігітке дәрігерлердің көмегі қажет болмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізушінің қылқындырылып өлтірілгендігін дәлелдеген.

Д. Лоскутовтың айтуынша, жедел тергеу топтың қылмыскерлерді іздеуге айдан астам уақыт қажет болған. «Ұсталғандардың барлығы да қылмысты пайдакүнемдікпен жасағандарын мойындады. Олар, өздерінің жұмыссыз екендіктерін, сондықтан да таксиске төлейтін ақшаларының болмағандығын хабарлаған. Қаскүнемдер керісінше адам тасымалдаумен айналысып жүрген жігітті тонамақ болып, қол жұмсаған».

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жігіттер бұрын да заң бұзушылықтарға барған. Олар бөтен мүлікті ұрлағаны үшін бас бостандықтарынан айырылып, жазаларын өтеп шыққан. Жетісу АІІБ олардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғаған, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті