Алматы полициясы мейрамхана маңында оқ атқандарды ұстады
![]() |
Алматы полициясы мейрамхана маңында оқ атқандарды ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. |
Оқиға Алмалы ауданында Наурызбай мен Жамбыл көшелерінің қиылысында желтоқсанның 11-нен 12-сіне қараған түні орын алған.
Жанжалдасқан екеудің бірі екіншісіне қарата оқ атқан. Салдарынан екінші адам жеңіл жараланды. Алайда, ауруханаға жатудан бас тартты.
«Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша бұзақылық ретінде бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Күдіктілер ұсталды. Тіпті кезенген қару еш жерде тіркелмеген болып шықты. Сот-баллистикалық сараптама нәтижесінде бұл қару кімге тиесілі екендігі әрі басқа қылмыстарға қатыстылығы анықтала жатады», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін