Алматы қалалық ішкі істер департаменті ондағы заңға қайшы фактіні тексеруге кірісті.
Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Оқиғаның қай жерде болғаны бірден анықталды. Бұл — Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі. Төбелес фактісі 18 қазан күні түнгі уақытта орын алған. Аталған мекеменің екінші қабатындағы дәмхана күзетшілері мен олардың таныстары төбелескені анықталды.
Сауда үйінің қауіпсіздік қызметінің берген түсініктемелеріне қарағанда, жанжал олардың өз күшімен бірнеше минуттан кейін тыныштандырылған. Осыған байланысты оқиға туралы полицияға хабарланған жоқ.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот алды тергеу амалдары басталды. Тергеу болған оқиғаны бұзақылыққа (ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімі) жатқызып отыр. ІІБ-ның жедел бөлімшелері төбелеске қатысқан барлық адамдардың есімдерін анықтады. Одан кейін өндіріс барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп хабарлады Бостандық ауданы ІІБ-ның бастығы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.