Алматы полициясы ұрланған ұялы телефондарды бұғаттауға кірісті
![]() |
Алматы ІІД мен ұялы байланыс операторлары ұрлаған телефондарды IMEI кодтың көмегімен бұғаттауға мүмкіндік беретін меморандум бекітті. Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, бастапқыда ұрланған телефондар санын 25 пайызға қысқарту жоспарланып отыр. "Кейін ұрлаған ұялы телефондар материалдық құндылық болудан қалады. Сол кезде қылмыстың бұл түрі мүлдем жойылады", - делінген хабарламада. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін