Алматы прокуратурасы қару қолданған полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы прокуратурасы қару қолданған полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы прокуратурасы қару қолданған полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы прокуратурасы қару қолданған жол полициясы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы агенттікке Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 513
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қалалық прокуратурасы Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының қаза тапқан М. Рузыбаев, З. Саитов пен Р. Рахимовтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 321 бабының 2 тармағы (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша қозғаған қылмыстық ісінің материалдарын зерттеді. Тексеру барысында » бір-біріне кереғар ақпар берген жол полициясының инспекторлары мен оқиға куәгерлерінен жауап алынды».

«Оқыс оқиғаның өрбу барысын білу үшін куәгерлерді анықтау, тергеу экспериментін жүргізу, берілген жауаптарды тексеру және сот сараптамаларын жүргізу қажет. Алматы қалалық прокуратурасы жол полициясы қызметкерлерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-ші бабының 4-ші тармағы (билігін немесе лауазымдық өкілетілігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады», -деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Тергеу әділетті жүргізілуі үшін екі қылмыстық істі де тексеру ҰҚК-нің Алматы қалалық департаментіне тапсырылды, олардың әрқайсысы бойынша прокуратура оқиғаның мән-жайын қысқа мерзімде жан-жақты, толық әрі обьективті тексеріп шығу жөнінде нақты жазбаша нұсқау берілді.

Тергеудің сапасы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін оқыс оқиғаға қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 2 қаңтарында түнгі сағат 3 шамасында жол полициясының қызметкерлері Д.Үсенов пен С. Есболов З.Саитов тізгінінде отырған «Тойота» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында «Тойота» көлігінде оытрған М. Рузыбаев пен инспекторлардың арасында дау шыққан, оның барысында жолаушыға оқ тиіп, оқиға орнында жан тапсырды.

Полиция қызметкерлері Алматы жол полициясы қызметкерлерінің қаза тапқан М.Рузыбаев пен оның серіктерінен пара бопсалау дерегін жоққа шығаруда. Бұл туралы 14 қаңтарда қалалық ІІД-інде өткен брифингте Алматы қалалық ІІД төрағасының орынбасары Мұрат Ұрымханов мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті