Жарияланды: 480

Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 қыркүйекте 15 сағат 01 минутта Ішкі істер департаментіне Алматының Әуезов ауданы Жетісу-1 ықшамауданында орналасқан Қазақ жол қатынастары университетінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түскен. "Арлан" арнаулы қызметі мен құтқару қызметі №1 және №2 оқу корпустарында жүргізген арнаулы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ, 700 адам көшірілді, құрбан болған немесе зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды ТЖМ. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16 қыркүйекте тағы да осы университетте жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат түсіп, ол табылмаған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін