Жарияланды: 420

Алматы қаласы әкімінің бірден үш орынбасары қызметтен кетті

Алматы қаласы әкімінің бірден үш орынбасары қызметтен кетті

Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары: Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова және Мұрат Құдышев қызметтерінен кетті. 

Юрий Ильин әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту, төтенше жағдайларды ескерту, қаланың азаматтық қорғанысы, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, метрополитен желілерін пайдалану, жол қаупсіздігі, құқық бұзушылық мәселелері бойынша жетекшілік еткен.

Зәуреш Аманжолова болса ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтар сынды салаларға жауапты болған.

Мұрат Құдышев болса экономиканы дамытумен, бюджеттік саясатпен, қаржы құралдарымен, коммуналды меншікпен, мемлекеттік сатып алулармен және туризммен айналысты. Ақпарат today.kz сайтынан алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін