Алматы қаласының әкімі оқу орындарына балама қару-жарақтар беруді тоқтатуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі оқу орындарына балама қару-жарақтар беруді тоқтатуды тапсырды

Алматы қаласының әкімі оқу орындарына балама қару-жарақтар беруді тоқтатуды тапсырды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша балама қару жарақтар мен оқу құралдарын сараптаудан өткізіп, түгендеуді тапсырды,

  • 17 Қараша 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Сонымен қатар, заңнама аясында аталған оқу құралдарын тәркілеу туралы бұйрық дайындауды тапсырды. 

А.Есімов қаза тапқан студенттің жанұясына, сондай-ақ жапа шеккендерге материалдық көмек көрсету туралы тапсырма берді.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Алмалы ауданындағы оқу ордасының бірінде АӘД сабағы кезінде граната жарылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, ТЖ салдарынан тәлімгердің біреуі қаза тауып, 11 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Колледж студенттерінің барлығы қауіпсіз жерге шығарылды.