Алматы жолаушылар көлігі басқармасы автобустан «құлап кеткен» жолаушы туралы түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жолаушылар көлігі басқармасы автобустан «құлап кеткен» жолаушы туралы түсініктеме берді

Алматы жолаушылар көлігі басқармасы автобустан «құлап кеткен» жолаушы туралы түсініктеме берді

Алматы қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы жүріп келе жатқан автобустың «есігінен жолға қарай құлап кеткен» жолаушы жайында түсініктеме берді.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 527
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетелік, оқиға үстіміздегі жылы 30 қарашада орын алған. Ғаламтор желісінде №86 бағдарлы автобустың артында келе жатқан автокөліктің бейнетіркегішіне түсірілген бейнебаян пайда болды. Автобус Сүйінбай көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Фурманов көшесімен қиылысар тұста «Гелиос» жанармай құю бекеті маңында автобустан сыртқа қарай бір жолаушы жолға құлап түседі. Осыған байланысты Алматы қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы «№1 таксомотор паркі» ЖШС-іне сауал жолдаған. Өйткені автобус осы паркке тиесілі.

Автопарк басшылығы бұл бейнебаянның шындыққа жанаспайтындығы туралы мәлімдеді.

«Бейнетаспада жолаушының тек құлаған сәті ғана бейнеленген. Шын мәнісінде жүргінші жол ортасындағы бөлу жолағында мазасыздана қол бұлғап, теңселіп тұрған. Кейін жолды кесіп өтпек болып жүгіре бастайды. Бейнетіркегіште автобустың сол жағында жеңіл автокөліктің кетіп бара жатқаны көрініп тұр. Жүргінші жүгіре бастаған сәтте ол тоқтайды. Осы сәтте автобус та бірден тоқтай қалады. Сонда тоқтаған автобустың алдынан жүгіріп өтіп бара жатқан жүргінші кенет аяғы шалынып құлап қалған», — делінген таксомотор паркі өкілдерінің берген жауабында.


Одан басқа, автопарк басшылығының айтуынша, оқиға орнына келіп жеткен жедел медициналық көмек бригадасы жүргіншінің мас күйде болғандығын анықтады. Ал автобус жүргізушісі оқиғаның мән-жайы анықталғанша жұмыстан уақытша шеттетілді.

«Автобус жүргізушісі келесі күні науқастың халін білу үшін ауруханға барып, оны таппады. Сөйтсе, ол медициналық көмектен бас тартыпты. Бірақ қайда тұратындығын хабарлаған. Дегенмен, тергеуші оны іздеп таба алмай жүр. Өйткені ол айтқан мекенжайында тұрмайтын болып шықты. Қазір оның қайда екені белгісіз», — деп жауап берді автопарк өкілдері.