Жарияланды: 500

«Алматы жылу холдингі» МКҚ таратылады

«Алматы жылу холдингі» МКҚ таратылады

"Алматы жылу холдингі" МКҚ таратылады. Бұған шаруашылық құрылымды қысқарту себеп болып жатыр. Бұл туралы кəсіпорынның ресми өкілі Ян Гирин айтты.

"Шаруашылық құрылымды қысқарту мен сенімділікпен басқару мерзімінің аяқталуына байланысты "Алматы жылу холдингі" МКҚ таратылып жатыр.

Енді коммуналды шаруашылық кəсіпорындарының жұмысын Алматы Энергетика жəне коммуналды шаруашылық басқармасы қадағалайтын болады. Жұмысшылар осы кəсіпорындардың құрылымына біртіндеп алынып жатыр. Штатты қысқарту жоспарланып отырған жоқ. Сондай-ақ, бұл өзгеріс жылыту маусымына ықпал етпейді", - деді Я.Гирин.

Ол қаулының жоқтығына байланысты кəсіпорынның таратылу мерзімі белгісіз екендігін жеткізді.

Айта кетейік, "Алматы жылу холдингі" МКҚ 2010 жылы «Алматытеплокоммунэнерго» жəне «Алматы жылу желілері" ЖШС жұмысын үйлестіру үшін əкімдіктің қаулысымен құрылған болатын. Холдингке  «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС-ындағы мемлекеттің жарғылық капиталының жылу энергиясының өндірісі бойынша - 98,2%-ы ,  «Алматы жылу желілері" ЖШС-ындағы - электр энергиясын тарату, жеткізу, қамтамасыз ету бойынша 100 % үлесі басқаруға сеніммен тапсырылған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін