Жарияланды: 530

Алматыда «109» нөмірі бойынша Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі іске қосылды

Алматыда «109» нөмірі бойынша Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі іске қосылды

Бүгін Алматыда Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі іске қосылды.

Бұл - қаладағы барлық коммуналдық, құтқару және өрт сөндіру қызметтерін біріктіретін бірегей ақпараттық орталық. Оған қалалық және ұялы телефон арқылы «109» нөмірі бойынша тегін хабарласуға болады. 

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімдігінің Инстаграмм қосымшасындағы ресми парақшасында мәлім етілді.

«Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің артықшылығы сол, мұнда келіп түскен әрбір хабардың өңделу реті нақты көрсетілген. Соның арқасында диспетчер уақытта созбай хабарласқан адамға көмек көрсетудің ең төте жолын белгілей алады», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетелік, Алматы қаласы әкімдігінің Инстаграм қосымшасындағы парақшасы үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бері жұмыс істеп келеді. Осы мерзім ішінде көптеген қала тұрғындары әкімдікке осы парақша арқылы көмек сұрап жүгінді және өз ұсыныстарын білдірді.

Парақшада күн сайын атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріледі. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін