Алматыда 9 адам көмірқышқыл газынан уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 9 адам көмірқышқыл газынан уланды

Алматыда 9 адам көмірқышқыл газынан уланды

Өткен тәулікте Алматыда 9 адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Наурыз 2004
  • 429
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай қаланың екі бірдей ауданында болды. Алғашқы оқиға Медеу ауданында тіркеліп, барлығы 5 адам, соның ішінде 2, 4 және 6 жастағы үш бала көмірқышқыл газынан уланды. Ал тағы бір осындай қайғылы оқиға қаланың Әуезов ауданына қарасты Дружба ауылында болды. Мұнда 4 адам, соның ішінде 7 және 16 жасар екі бала зардап шекті.

Оқыс оқиғаларға көмір жағатын пештің ақауы себепкер деп саналуда.

Соңғы жаңалықтар