Алматыда 9 қабатты үйге қауіп төніп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 9 қабатты үйге қауіп төніп тұр

Алматыда 9 қабатты үйге қауіп төніп тұр

Алматыда 9 қабатты үйге қауіп төніп тұр. Коммуналдық желілер жүргіземіз деген мердігер компания үй іргесін тереңінен қазып тастаған.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 188
Фото - Caravan.kz

Эльмира Айтқұлова, тұрғын:

— Алдында қазды, артын да қазды. Енді кеше қазғаны 50 см үйден тағы да бір нәрсені қазып тастады кабель проводить етеміз деп. Білмеймін, уже үй құлайын деп тұр.

Құрылыс компаниясы бас-көз демей үйдің айналасын қаза берген. Ақыр соңында мына жерді үй іргесінен ін қазғандай етіп қойыпты. Тереңдігі адам бойламайды. Абайсызда үйіндінің астында қаламыз ба деп қорыққан тұрғындар бүгін дүрлігіп далаға шықты. Айтуларынша, құрылысшылардың қолында тиісті рұқсат қағаздары жоқ екен. Расымен де, өздерін компания өкіліміз деп таныстырған екі жігіт камераға қарап сөйлеуден де, рұқсат қағаздарын көрсетуден де бас тартты. Ақыры, айғайдың астында қалған соң, амалсыз бәрін қайта қалпына келтіреміз деп уәделерін беріп кетті.


Мы грубейшую ошибку допустили. Мы эту ошибку исправим. Сейчас все засыпем. 3,5 метра отступим. Заасфальтируем обязательно…