Алматыда әкім Байбек отыратын ғимараттың алдын су басты
Алматылықтар жаңбыр жаумай-ақ тобықтан су кешті. Бүгін тура қала әкімдігінің алды суға толып, Республика алаңындағы көлік қозғалысына кедергі келтірді. |
Арыққа сыймай аққан су жаяу жүргіншілер жолы мен баспалдақтарды да алып кеткен. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, бұл жағдайдың биылғы жылу маусымына еш қатысы жоқ. Су - құбырлардың жарылуынан емес, әкімдік алдындағы арықтың дер кезінде тазаланбауынан көшеге жайылыпты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін