Алматыда апат жайлы хабар беретін қызу желі ашылды
Алматыда «109» қызметі іске қосылды. Енді қаладағы барлық коммуналдық апаттар жайлы осы қысқа нөмір бойынша жаңадан ашылған бірыңғай шұғыл диспетчерлік қызметіне хабарлауға болады. |
Жылу құбырларының жарылуы, жарық көзінен ажыратылу, ауызсудың тоқтатылуы секілді түрлі мәселелер бойынша тұрғындар енді бір орталыққа хабарласып, мәселені тез арада шеше алады дейді жоба жетекшілері. Сондай-ақ, құтқарушыларды да осы нөмір арқылы шақыртуға болады. Ұялы телефон және қалалық нөмірден түсетін қоңыраулардың барлығы тегін.
Сәрсенбек Құлбаев, «Алатау жарық компаниясы» басқарма төрағасының орынбасары:
– Тұтынушыдан алынатын ақпарат жылдам. Соның арқасында уақытылы барлық технологиялық ауытқулар орнықты уақытысында жөнделетін болады. Үйіңізде газ болмағанда, жарық болмағанда, су болмағанда, жылу болмаған жағдайда хабарласатын, ақпарат беретін орталық.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін