Алматыда әр айдың алғашқы бейсенбісінде құлақтандыру дабылы іске қосылады
![]() |
Алматыда 10 желтоқсанда күндізгі сағат 12:55-те құлақтандыру дабылының техникалық дайындығы тексерілетін болады. |
Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Электр дабылқаққышы автоматты түрде теле және радиоэфир арқылы халықты құлақтандырумен жалғасатын болады.
«Болашақта айдың әр алғашқы бейсенбісінде дабыл тексеріліп тұратын болады. Мерекемен тұспа-тұс келсе, тексеру келесі аптаға қалдырылады», - делінген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін