Себебі, бұл күз келісімен қайтадан қаптаған жеңіл машиналарға ыңғайсыздық тудырыпты. Салдарынан жол апаты да жиілеген көрінеді. Жалпы, соңғы кездері қоғамдық көліктердің кесірінен болып жатқан апаттар аз емес. Бұған дәлел екі трамвайдың оқиғасын алсақ та жетіп жатыр. Осы апаттарға қатысты тергеу әлі жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, бірінші оқиғадан кейін-ақ трамвайлардың бәрі техникалық жағынан тексерілген екен. Тіпті олар кезінде толығымен күрделі жөндеуден өткен дейді. Сондықтан әлі 5-6 жыл пайдалануға жарамды көрінеді.
Ерлан Әділов, Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының өкілі:
— Еуропадан алып келген трамвай вагондар. Ол вагондар еуропадан кап ремонттан шыққан вагондар. Қазір следствие жүріп жатыр. Следствие біткеннен кейін материалдың бәрін нақты айтып бере аламыз.