Алматыда Асқар Тоқпановқа ескерткіш ашылды
Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер Асқар Тоқпановқа арналып бүгін Алматыда ескерткіш ашылды. Шара сахна саңлағының 100 жылдығына орайластырылған. |
Ұлы тұлғаның мүсіні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ауласына орнатылды. Ашылу салтанатына көрнекті режиссердің ұрпақтары мен шәкірттері жиналған. Шара барысында өнер иесінің көзін көргендер естеліктерін айтып, жыр жолдарын арнады. Асқар Тоқпанов - қазақ театр өнерінің дамуына орасан зор үлес қосқан бірден-бір тұлға. Оның шәкірттері қазір мәдениет саласындағы озық мамандар. Режиссердің мерейтойы аясында басқа да шаралар өткізіліп жатыр.
Бекен Имаханов, А. Тоқпановтың шәкірті:
-Менің артымда қазір, үлкен ұлы дүбір той. Мен бұл үлкен халқымыз үшін, халқымыздың театр өнері үшін жасалып жатқан бір үлкен құрмет деп есептеймін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін