Жарияланды: 570

Алматыда «Ауди» көлігі 18 жасар қызды қағып өлтірді

Алматыда «Ауди» көлігі 18 жасар қызды қағып өлтірді

Алматыда Абай-Саин көшелерінің қиылысында жаяу жүргін жолын кесіп өтіп бара жатқан қызды «Ауди» көлігі қағып кеткен.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады. 

Оның айтуынша, оқиға түнгі 22:15 шамасына болған. Қатты соққыдан 1997 жылы туылған бойжеткен жедел жәрдем жеткенше сол жерде қаза тапты. 
Қазір жүргізуші ұсталды. Осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 2- тармағы (адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына себепкер болу) бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 
Көлік жүргізушісінің ішімдік пайдаланғаны туралы ақпарат жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін