Алматыда аяусыз соққыға жығылған дәрігер мүгедек боп қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аяусыз соққыға жығылған дәрігер мүгедек боп қалуы мүмкін

Алматыда аяусыз соққыға жығылған дәрігер мүгедек боп қалуы мүмкін

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлерін соққыға жыққандарға қатысты Бауыржан Байбектің өзі шара қолданбақ! Ақ халаттылардың шақырумен барған жерінде таяқ жеп қалатынын естіп жағасын ұстаған әкім бұл жағдайды жеке бақылауына алды.

  • 28 Қараша 2015
  • 209
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің қауіпсіздігіне алаңдаған қала басшысы полицияға бұдан былай бірде-бір ақ халаттының жұрттан жәбір көруіне жол берілмесін деп тапсырма берді. Ал күні кеше ғана науқасқа көмектесуге барып, оңбай таяқ жеген жедел жәрдем дәрігері Наркескен Сейсенбаев әлі есін жиған жоқ. 26 жастағы жігіт ауыр халде жатыр. Әріптесін әрең дегенде аман алып қалған дәрігерлер әйелін қызғанған тентектің кесірінен Наркескеннің енді өмірбақи мүгедек боп қалатынын айтады. Жалпы, Алматыда жыл басынан бері түнгі шақыртуға шыққан 18 дәрігер осылай жұрттан таяқ жеп қайтқан.