Алматыда балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйелдің халі жақсарып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйелдің халі жақсарып келеді

Алматыда балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйелдің халі жақсарып келеді

Алматыда балаларын тұрғын үйдің бесінші қабатынан тастап жіберген әйелдің халі жақсарып келеді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 456
Фото - Caravan.kz


33 жастағы Жадыра Құлмамырова емдеу курсынан кейін нөмірі №1-ші Орталық қалалық клиникалық аурухананың оңалту бөліміне ауыстырылды. Ал оның 1 жас екі айлық қызы нөмірі №1-ші қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Халі жақсарып келеді.

Естеріңізге сала кетелік, қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 5-ші қыркүйегінде таңғы сағат 9 шамасында Сәтбаев пен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында орын алған. Әйел екі баласын бесінші қабаттың балконынан жерге тастап жіберген соң, артынша өзі де секіріп кеткен болатын. 2007 жылы туған қызы оқиға орнында жан тәсілім етті. Ал кіші қызы аман қалды. Алматы қ. ІІД хабарлауынша, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.