Жарияланды: 350

Алматыда бардан шыққан өрт 500 шаршы метр аумақты қамтыды

Алматыда бардан шыққан өрт 500 шаршы метр аумақты қамтыды

Бүгін Алматыда 3-ші мөлтек ауданда орналасқан «Соседи» деп аталатын бардан өрт шықты. Бұл туралы Алматы қ. ТЖД баспасз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.

Оның айтуынша, өрттің аумағы алдын ала мәліметтер бойынша 500 шаршы метрді құрайды. Өртке бірінші күрделілік деңгейі берілді.        

«Өрт туралы алғашқы хабар 13 сағат 06 минутта «101» кезекші бөліміне келіп түсті. Мәлім болғандай, алдымен бардың мансарды өртенген. Кейін өрт шатырға өтіп кеткен. Тілсіз жауды 13 сағат 56 минутта ауыздықтауға қол жеткізілді. Қазір оқиға орнында 7 техника мен жеке құрамнан 39 адам жұмыс істеуде», - деді  С. Баймұханбетова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін