Алматыда белсенділер қамауға алынған Мәмбеталин мен Нарымбаевты босатуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда белсенділер қамауға алынған Мәмбеталин мен Нарымбаевты босатуды талап етті

Алматыда белсенділер қамауға алынған Мәмбеталин мен Нарымбаевты босатуды талап етті

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев ұлтараздықты қоздырған. Бүгін Алматы қалалық Ішкі істер департаменті «Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі мен белгілі қоғам белсендісінің тұтқындалуына қатысты осындай мәлімдеме таратты. Билікке қарсы өткір сын айтып жүрген екі азаматтың қолына кеше кісен салынған болатын.

  • 14 Қазан 2015
  • 217
Фото - Caravan.kz

Банктермен соттасып, пайыздық үстемелердің негізсіз көтерілгенін дәлелдеген Ермек Нарымбаевты жұмыста отырған жерінен тұтқындап әкеткен. Кеңсеге сау етіп кірген бір топ тәртіп сақшысы қоғам белсендісін алды-артына қаратқан жоқ. Кісен сол күні «Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісінің қолына да салынды. Серікжан Мәмбеталин мен Нарымбаев «Фейсбукте» ұлт атына кір келтіретін жазбаларды жариялады деп айыпталуда. Яғни атышулы Мұрат Телібековтың қазақтарды мысқылдайтын жазбаларынан үзінді келтіріпті-мыс. Желтоқсаншылар құзырлы орындарға солай деп арыз түсірген екен. Тәртіп сақшылары тіпті айғақ заттардың да табылғанын айтты. Бірақ бұл істің қисыны келмейтін тұстары көп. Мәселен, Мәмбеталин бұған дейін Телібековты үлгі етпек түгілі, «тақиялы ібіліс» деп талай сынаған. Ал ұлтшылдығымен танымал Нарымбаев аяқасты өзгеріп, қазаққа қарсы әрекет етті деу тіпті қисынсыз сыңайлы. Сондықтан жақтастары бұл екі азаматтың дереу босатылуын талап етуде. 

Соңғы жаңалықтар