Алматыда Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Мемлекет және саяси қайраткер Бердібек Сапарбаевты жерлеу рәсімі өтті. Жиынға 1000-нан астам адам қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  • 11 Маусым 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Мемлекет қайраткерімен қоштасуға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, бұрынғы вице-премьер Алтай Көлгінов, Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және басқа да көптеген саясаткерлер, еліміздің қоғам қайраткерлері, әріптестері, қарапайым халық та келді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Бердібек Сапарбаевты барлық әкімдердің ағасы деп атайтынын айтты.

"Ол әкімнен де артық еді, өйткені ол қандай қызметте болса да, өз жұмысын тамаша атқарды", — деді Смайылов.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі: "Қазақ халқы ұлы тұлғасынан айырылды.Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза", — деді.


Бердібек Сапарбаев "Кеңсай-2" зиратына жерленеді. Марқұмның жақындарының айтуынша, онда 2002 жылы жол апатынан қаза тапқан Сапарбаевтың үлкен ұлы жерленген.

Белгілі мемлекет және қоғам қайреткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында дүние салды.