Алматыда бес жезөкшелер үйі анықталды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бес жезөкшелер үйі анықталды (ВИДЕО)

Алматыда бес жезөкшелер үйі анықталды (ВИДЕО)

Алматы қаласының полицейлері «STOP-трафик» жедел алдын алу операциясы кезінде бес жезөкшелер үйін анықтады.

  • 22 Маусым 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ адам саудасына қатысты басқа да заң бұзушылықтар анықталды. Іс-шаралар Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, моншаларда, сауналар мен қонақ үйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды.

Сонымен қатар арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ емдік массаж жасайтын орынның атын жамылып, интимдік қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.